- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- ТДМ-4: «Psycho Express» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында
ТДМ-4: «Psycho Express» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында

«Psycho Express» жобасы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында маман-психологтарға арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Оқыту тренингін «Киберметр құрылғысын жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет көрсету кезінде пайдалану» тақырыбында психология ғылымдарының кандидаты, профессор Майра Победовна Кабакова өткізді.
Семинардың негізгі мақсаттары:
- Киберметрдің студенттердің психологиялық жағдайын бағалаудағы мүмкіндіктерін зерттеу.
- Білім беру ортасында студенттерді диагностикалау және қолдау әдістерін дамыту.
- Тиімді топтық өзара әрекеттесуді қалыптастыру және оның динамикасын бақылау.
- Университеттердегі психологиялық тәжірибеде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану.
Қатысушылар және консультациялар:
Семинарға Қазақстанның 28 жоғары оқу орнынан келген психологтар мен Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында психологтар киберметрмен жұмыс істеуді ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін жеке және топтық консультациялар өткізді. Консультациялар барысында эмоционалдық жағдай, академиялық мотивация, стреске төзімділік мәселелері қарастырылып, оқу процесінде психологиялық жайлылықты арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Қатысушылар студенттердің психологиялық жағдайын талдауға, олардың оқу үлгерімін болжауға және топтық динамиканы түзетуге көмектесетін заманауи құрылғы – киберметрмен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алды.
«Psycho Express» жобасы студенттерге психологиялық қолдау көрсетудің жаңа әдістері мен құралдарын ұсынуды жалғастыруда.
Басқа жаңалықтар
