«Гендерлік теңдік: Әлем және Қазақстан»Farabi University

«Гендерлік теңдік: Әлем және Қазақстан»

18 ақпан, 2025

2025 жылдың 18 ақпанындда «Аударма ісі» мамандығының 2 курс эдвайзері Төреханова Р.А. 2 курс студенттерімен бірге «Гендерлік теңдік: Әлем және Қазақстан» тақырыбында  №17 Студенттер үйінде іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты cтуденттерді  басқа елдердегі және Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелерімен таныстыру. Гендерлік теңдік – бұл әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін теңестіруге бағытталған әртүрлі бағдарламалар мен әрекеттер. Олардың мақсаты – гендерлік кемсітуді болдырмау, әйелдердің және ерлердің қоғамда, саясатта, білімде, еңбек нарығында тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ету.

Әлемде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ және оның арнайы агенттіктері үлкен жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттары»  аясында 5-ші мақсат ретінде «Гендерлік теңдік» белгіленген. Бұл мақсат әйелдер мен қыздарға тең мүмкіндіктер беру, зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдердің экономикалық және саяси қатысуын арттыруды қамтиды.

Іс-шара барысында әйелдерге және ерлерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдер мен ерлер үшін тең жалақы мен жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз ету сынды тақырыптар қозғалды. Студенттер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар басқа елдер мен Қазақстандағы осындай тақырыптарға қатысты іс-әрекеттеріне салыстырмалы талдау жасалды. 

Әлемде және Қазақстанда гендерлік теңдік мәселелері әрқашан өзекті болып қала береді сондықтан жастар бұл мәселеге қатысты ақпаратқа ие болу керек деген ойдамыз.