Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы талданды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің отырысында қысқы емтихан сессиясы және 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы индикативтік жоспардың орындалуы қорытындыланды.
Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алтай Қазмағамбетов қысқы емтихан сессиясының қорытындысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда университеттегі бакалавриат бойынша абсолютті үлгерім өткен жылмен салыстырғанда тұрақты жоғары динамиканы көрсетіп, 88% - құрады. Философия және саясаттану факультеті 96 %, екінші орында география және табиғатты пайдалану факультеті, үшінші орынды шығыстану және тарихи факультеттері, сондай-ақ экономика және бизнес Жоғары мектебі бөлісті. Жоғары оқу орнының магистратурасында жүз пайыз абсолютті үлгерімді экономика және бизнес Жоғары мектебі, медицина және заң факультеттері көрсетті. Екінші орынды география және табиғатты пайдалану, тарихи және журналистика – 99% факультеттері бөлісті. Философия және саясаттану факультеті көшбасшылар тізімін – 98 %-бен жапты. Оқу үлгерімінің деңгейін арттыру мақсатында декандарға дәріс беру және оқыту сапасы бойынша емтихан тапсырмаларын сараптау, білім алушылардың жасанды интеллектті пайдалануының жағдайларын талдау, білім беру процесінде ЖИ пайдалану бойынша оқытушыларға арнайы дәрістерді ұйымдастыру және т.б. тапсырылды.
Ғылыми кеңесте ректор болашақта зерттеу университетінде магистратура мен докторантурада орындар саны артатынын атап өтіп, декандарға оқу мен ғылыми жұмыстың сапасын қамтамасыз етуді және диссертацияларды қорғауға дайындықты тапсырды.
Университеттің рейтингтердегі ұстанымы мен 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы индикативтік жоспарды орындау қорытындыларының маңызды тақырыбын Стратегиялық даму орталығының директоры Гүлзира Василина атап өтті. Ол ғылыми кеңесінің назарына индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша факультеттердің қызметін талдау қорытындыларын ұсынды. Көрсеткіштер факультеттің оқу-әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет, әлеуметтік-тәрбие жұмысы және академиялық сарапшылар мен сарапшы-жұмыс берушілерді беделді бағалау бағыттары бойынша қызметін көрсетеді.
ҚазҰУ ректорының тапсырмасына сәйкес университетте QS World University Rankings, QS by Subject, «Атамекен» Ұлттық ҰКП және т.б. халықаралық рейтингтердегі университеттің позициясын арттыру бағыты бойынша жұмыстар күшейтілгенін атап өткен жөн. Нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS World University Rankings-2025 рейтингінде 163-ші орында тұр.
Оқу жылының басында университет басшысы проректорларға халықаралық және Ұлттық рейтингтердегі қызметтің тиісті бағыттары бойынша жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етуді, қызмет бағыттары бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған индикативтік жоспар көрсеткіштерінің жоспарлы мәндерін орындау жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Ғылыми кеңес отырысының соңында ректор Жансейіт Түймебаев университетті халықаралық рейтингтерде ілгерілетуге бағытталған қызметтің стратегиялық маңызы бар екенін, сондықтан жұмысты жандандыра отырып, оған барлық деңгейлерде тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
Пресс-служба КазНУ имени аль-Фараби
Басқа жаңалықтар

