ЭВТАНАЗИЯ: ЖАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРСЫ АРГУМЕНТТЕРFarabi University

ЭВТАНАЗИЯ: ЖАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРСЫ АРГУМЕНТТЕР

5 наурыз, 2025

2025 жылғы 28 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында «Қазіргі әлемдегі эвтаназия» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шара 24-07 және 24-05 қазақ топтарының студенттері арасындағы пікірсайыс түрінде өтті.

Пікірсайыс барысында эвтаназия деген не? Эвтаназияның қандай түрлері бар? Қай елдерде эвтаназия заңдастырылған? Эвтаназия қандай жағдайларда қолданылады? және басқа да маңызды сұрақтар қарастырылды.

Бұл іс-шара сыни ойлау, сенімді қарым-қатынас жасау және күрделі тақырыптарды әртүрлі көзқарастар тұрғысынан талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Пікірсайыс қатысушыларға өз ойларын нақты тұжырымдауға, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғауға және қарсы пікірлерді сыйластықпен талқылауға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушы: оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі Ибышева Н.Т.