ТДМ-4: Студенттер «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын тамашаладыFarabi University

ТДМ-4: Студенттер «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын тамашалады

21 ақпан, 2025

Университетіміздің Халықаралық қатынастар және Шығыстану факультетінің студенттері ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеу мақсатында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сахналанған «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын тамашалады.

Саундрамалық жанрда қойылған бұл қойылым Қыпшақ даласында дүниеге келіп, Мысырды билеген әйгілі қолбасшы және мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарыстың өмір жолын, ерліктерін көркем түрде бейнелейді. Қойылымда оның көшбасшылық қасиеттері, жауынгерлік рухы, әділ билеуші ретіндегі тұлғасы көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Бұл жаңа сахналық туындының басты ерекшеліктерінің бірі – оның этно-фольклорлық ансамбль мен хореографиялық қойылымдармен үндесуі. Қойылым барысында музыканттар, композиторлар, актерлер мен дыбыс режиссерларының үйлесімді еңбегі жоғары деңгейде көрініс тапты. Театр ұжымы тарихи бейнені заманауи технологиялар мен дәстүрлі сахналық өнерді ұштастыра отырып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Ұлттық тарихымызды дәріптейтін осындай мәдени шаралар студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, олардың мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді.