Тәлімге толы тағылымдамаFarabi University

Тәлімге толы тағылымдама

5 наурыз, 2025

Филология факуль­те­тінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Әдебиет­тану» мамандығының 2-курс магистранттары Еуразия гуманитарлық институты жанындағы А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орта­лы­ғында ғылыми тағы­лым­дамадан өтті. Ма­гистранттар осы уақыт аралығында аталған ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдап, түрлі шараға қатысы.

Тағылымдаманың алғашқы күні А.Құсайынов атындағы ғы­лыми-зерттеу орталығының же­текшісі, ф.ғ.к., доцент Лау­ра Дәу­ренбекова «Ака­де­мия­лық жазылым» және «ҚР БҒМ БҒССКК ұсынған басылым­дар­ға мақала жариялауда ес­ке­ре­тін кейбір мәселелер» та­­қы­ры­бында семинар өт­кізді. Л.Н.Гу­милев атындағы Еур­азия ұлттық универси­те­тінің профессоры Жанат Ә­с­кер­бекқызының «Әдебиеттану бойынша зерттеу жұмысын жүр­­гізу», Н.Назарбаев уни­вер­ситетінің профессоры Ермек Адаеваның «Академиялық сауат­тылықтың теориялық не­гіздері», Ш.Шаяхметов атын­да­ғы ғылыми-зерттеу орталы­ғы­ның ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Гүлшат Түсіпованың «Бо­лашақ» бағдарламасының тә­жі­рибесі негізінде «Ака­де­мия­лық мәтін жазу шеберханасы – мақала бөлімдерінің мақса­тын түсіну», PhD, доцент Мөл­дір Аманқазықызының «Жо­ға­ры оқу орнында ғылыми жоба дайындау және жүзеге асыру жолдары» тақырыптарында оқы­­ған дәрістерінен бүгінгі ғы­лымның даму сатысы, шет­ел­дегі ғылым дамуымен салыс­ты­ра қарағанда біздегі зерттеу жұмысының бағыт-бағдары, ғылыми мақаланың құрылымы туралы тың мағлұматтар алды. Сондай-ақ ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы мен түркітанушы, философия док­то­ры (PhD) Марлен Ер­лан­ұлы­ның «Абай және Шәкәрім ті­лін­де­гі көнерген сөздердің та­­­рихи-салыстырмалы сөздігі» кі­та­бының тұсаукесеріне қа­ты­сып, Ш.Құрманбайұлының д­ә­рі­сін тыңдады. Аталған шарада қос ақын шығармаларында кез­десетін көнерген, өзге тіл­ден енген сөздердің түп-төр­кіні, мән-мағынасы жан-жақ­ты талқыланды. Тағылымдама ба­рысында магистранттар АЛЖИР мемориалдық музей ке­шеніне, ҚР Ұлттық музейіне барып, тарих беттеріне тағы бір рет шолу жасады. Елдің ба­сы­нан өткен зардап пен қай­ғыға толы нәубет жылдарға қа­тысты деректер, түпнұсқа жә­дігерлер санада сақталған көп ақпаратты айшықтай түс­кен­дей болды.

Ғылым-білім, тарих, әде­биет, өнер, мәдениет салалары тұтас қамтылған ғылыми тағы­лым­дама барысында ма­гис­транттардың алғаны көп. Біл­ген­дерін толықтырумен қатар, өз мамандықтары бойынша ғы­лым саласындағы тың жаңа­лық­тарға қаныққаны анық. Екі аптаға созылған тәлімге толы тағылымдама соңында А.Құ­сайынов атындағы ЕАГИ ғылым және халықаралық ынтымақ­та­с­­тық жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Ахметов жас ғалымдарға сәттілік тілеп, арнайы сертификат табыс­та­ды. Жоғары деңгейде ұйым­дас­тырылған бұл шараның нә­тижесінде әр магистрант өз бо­лашағына қатысты ой түйіп, бағытын айқындап, көңілдегі биік мақсатқа бір табан жа­қындай түсті.

Ләйлә НОҒАЙБЕКҚЫЗЫ,

«Әдебиеттану» мамандығының

2-курс магистранты

Басқа жаңалықтар