15 ақпан – Халықаралық онкологиялық аурулары бар балалар күні 🎗️
 (9).png)
Бұл күн әлемдегі миллиондаған онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған. Оның мақсаты – бала кезіндегі қатерлі ісік туралы хабардарлықты арттыру, ерте диагностика, заманауи емдеу әдістері және науқас балалар мен олардың отбасыларына психологиялық қолдаудың маңыздылығын көрсету.
Қатерлі ісік – үкім болмауы керек. Тұрақты даму мақсаттарының №3 (Денсаулық және амандық) аясында әрбір балаға тұрғылықты жері мен отбасының табысына қарамастан, тең медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету өте маңызды.
Біз студенттермен (Фармация 23-01 тобы) балалар онкологиясын емдеудегі жаһандық мәселелерді, медициналық көмектің теңсіздігін және науқас балалар мен олардың отбасыларын қолдаудағы қоғамның рөлін талқыладық. Тақырыптық кездесу өткізіп, сауығып кеткен балалардың оқиғаларымен танысып, әркім қайырымдылықтан бастап ақпарат таратқанға дейін қалай үлес қоса алатыны туралы әңгімелестік.
Басқа жаңалықтар


