ҚазҰУ студенті дзюдодан Гран-При турнирінде алтын алдыFarabi University

ҚазҰУ студенті дзюдодан Гран-При турнирінде алтын алды

8 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті, қазақстандық танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Австрияның  Линц қаласында өтіп жатқан Дзюдодан Гран-При турнирінде 48 келі салмақта алтын жүлде жеңіп алды.

Финалдық жекпе-жекте спортшы жапондық Сачийо Йошиноны 10-1 есебімен жеңді.

Финалға дейін Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия), Эмбер Харсьесті (Нидерланды) жеңді.

Әбиба Әбужақынова Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Халықаралық Әлемдік додаға 52 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы, оның ішінде  Қазақстаннан 16 спортшы қатысуда.

ҚазҰУ спортшысын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі