ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІFarabi University

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ

7 наурыз, 2025

2025 жылдың 7 наурызында «7M02303 Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының І курс магистранты Жанжігітова Ақерке педагогикалық практика аясында «Аударма ісі» мамандығының ІІ курс студенттеріне 5 ТДМ «Гендерлік теңдік» аясында «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы – Төреханова Рауана да қатысты. Іс-шараның мақсаты – гендерлік саясаттың маңыздылығын ұғындыру арқылы студенттерді қоғамдық пікірталасқа тарту, олардың көзқарастарын дамыту және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер гендерлік теңдік туралы негізгі ақпаратпен танысты. Жанжігітова Ақерке гендерлік саясаттың тарихи дамуы мен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЮНЕСКО) бұл бағыттағы бастамалары туралы баяндады. Студенттер қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлі, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салды. Хушнозбегим, Жанель, Ақнұр қоғамдағы әйелдерге жүктелетін стереотиптер туралы әңгімеледі. Дильназ бен Инабат әйелдер мен ерлердің еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктері жайлы пікірлерімен бөлісті. «Гендерлік тілдік бейтараптық» тапсырмасында студенттер гендерлік бейтарап тіл қолдану тәжірибесін талқылады. Олар кәсіби атаулардың (мысалы, businessman – enterpreneur, chairman – chairperson  және т.б.) гендерлік сипатын сараптап, олардың тілдегі көрінісі мен қоғамдағы әсерін зерттеді. Бұл тапсырмада Асель мен Медина белсенділіктерін танытты. «Гендерлік стереотиптер: мифтер мен шындық» тапсырмасында студенттер гендерлік теңдікке қатысты мифтер мен шындықтарды салыстырып, оларды талдады. Іс-шара соңында студенттер «Гендерлік теңдікке менің үндеуім» атты шығармашылық тапсырма орындады. Олар өз көзқарастарын қысқаша айтып, қоғамдағы теңдікті қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы өз ойларын білдірді.

Студенттер ашық пікір білдіріп, бір-бірімен ой алмасты. Іс-шара барысында студенттер гендерлік теңдік мәселесіне қатысты өз ойларын ашық білдіріп, қоғамдағы гендерлік теңдікке өз үлестерін қосуға дайын екендерін айтты. Кураторлық сағат жылы және достық атмосферада өтті.

Ұйымдастырушылар:
«7M02303 Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының

І курс магистранты Жанжігітова А.Б.

Шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушысы Төреханова Р.А.