Экономика ғылымының дамуына зор үлес қосқан қайраткерFarabi University

Экономика ғылымының дамуына зор үлес қосқан қайраткер

11 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Эконо­ми­ка және бизнес жоғары мектебі – Қазақстандағы эконо­ми­калық және басқарушылық білім беру саласындағы жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Бұл факультет жылдар бойы ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті экономистер мен басқару саласының мамандарын даярлап келеді. Оның түлектері Қазақстанның мемлекеттік басқару, бизнес және ғылыми-зерттеу секторларында жоғары лауазым­дар­ға ие болып, ел экономикасының дамуына елеулі үлес қо­суда. Осындай көрнекті түлектердің бірі – экономика ғылы­мы­ның докторы, профессор Сұлтан Нысанбаев. 

Сұлтан Нысанбаев – Қазақ­стан­ның жоғары білім беру және эко­но­ми­ка ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым, пе­да­гог және ұйымдастырушы. Ол өзінің бү­кіл өмірін ғылым мен білімге ар­нап, ел игілігі үшін қызмет етуге жұмсады.

Сұлтан Нысанбаевтың есімі Қа­зақ­стан экономика ғылымында ерек­ше орын алады. Ол ҚазҰУ-дың экономикалық факультетінде ұзақ уақыт қызмет етіп, Микро- және ма­кро­экономика, Маркетинг және ком­мерция кафедраларын басқар­ды.

Ғалымның негізгі ғылыми зерт­теу бағыты – экономика кате­го­рия­ларын, баға белгілеу механизм­де­рін, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру және өндіріс тиімді­лі­гін арттыру мәселелерін қамтиды. Ол экономика және маркетинг са­ла­сында 70-тен астам ғылыми ең­бек жариялап, бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдар жазды. Әсіресе қазақ тіліндегі эконо­ми­ка­лық әдебиеттердің дамуына қосқан үлесі ерекше.

С.Нысанбаев ҚазҰУ-дың Марке­тинг кафедрасының негізін қалау­шы­сы ретінде танылып, оның қа­лып­тасуы мен дамуына зор үлес қосты. Ғалым маркетинг және стра­те­гиялық менеджмент саласында маңызды ғылыми зерттеулер жүр­гізіп, еліміздің экономикалық білім беру жүйесін жетілдіруге айтар­лық­тай ықпал етті. Оның бастамасымен мар­кетинг саласындағы оқу бағ­дар­­ламалары жаңартылып, халық­ара­лық стандарттарға сәйкес­тен­дірілді, бұл Қазақстанда бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жол ашты.

Профессор алты рет маркетолог мамандарды тәрбиелеп шығарды, олардың арасында бүгінде ірі компанияларды басқарып отырған кәсіпкерлер мен экономистер бар. Сон­дай-ақ оның жетекшілігімен мар­кетинг, баға белгілеу және ком­мер­циялық кәсіпкерлік бойынша оқулықтар жарық көрді, олар қазіргі таңда Қазақстан ЖОО-ларында кеңі­нен қолданылады.

Сұлтан Нысанбайұлы тек ғалым ғана емес, сонымен қатар жоғары білім беру саласында ұйымдас­тыру­шылық қабілеті жоғары тұлға ретінде танылды. Ол көптеген оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуге атсалысып, экономика мамандық­та­ры бойынша оқу жоспарларын жа­сауға белсенді түрде қатысты.

Ғалымның ғылыми және ұйым­дас­тырушылық қызметі тек Қа­зақ­станмен шектеліп қалған жоқ. Ол Мәскеу, Киев, Ташкент, Санкт-Пе­тер­бург секілді ғылыми орта­лық­тармен тығыз байланыста болып, шетелдік ғылыми конферен­ция­лар­ға белсенді түрде қатысты. Оның зерттеулері халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, экономикалық ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге өз үлесін қосты.

Көптеген студенттер мен жас ға­лымдар Сұлтан Нысанбаевты өз­де­рінің ұстазы әрі тәлімгері ретінде құрметтейді. Ол тек кәсіби білімімен ғана емес, сонымен қатар адами қа­сиеттері, әділдігі және қамқор­лы­ғымен ерекшеленді. Сұлтан Нысанбайұлының аялы алақанының жылуын кафедра ұстаздары ғана емес, олардың отбасы мен бала­ла­ры да көрді. Әр баланың атын біліп, қызығушылығымен танысып, бо­лашағына қеңесін беріп отыратын. Оның тәрбиесін көрген шәкірттері бүгінде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында табысты қызмет етуде. Ел экономикасының сан қи­лы саласында жетекшілік қызмет атқаруда, ҚР жоғары оқу орын­да­рында дәріс беруде.

Сұлтан Нысанбаев – Қазақстан­ның экономика ғылымының да­муы­на өлшеусіз үлес қосқан ғалым, пе­дагог және қоғам қайраткері. Оның еңбектері, ғылыми зерттеу­ле­рі мен тәлімгерлік қызметі ел болашағына қызмет ететін жас мамандарға үлгі болып қала береді. Ол өмірінің әрбір сәтін ғылым мен білімге арнаған шынайы ұстаз, қайраткер тұлға.

Гүлмира ЕСЕНГЕЛДИЕВА,

Экономика кафедрасының

аға оқытушысы