ҚазҰУ-дың QS пәндік рейтингіндегі орны айқындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік QS by Subject 2025 рейтингінде Қазақстан мен Орталық Азияның жоғары білім беру жүйесіндегі өз орнын айқындады.
Биыл университет «Математика» бағыты бойынша – 251-300, «Жаратылыстану ғылымдары» саласында 360-орынға көтерілді.
«Инженерия және технология» пәндік саласында ҚазҰУ 304 орынды иеленді. Алғаш рет «Химиялық инженерия» бағытында – 401-450, «Механикалық инженерия» бойынша 501-575 орынға ілікті.
«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» санатында 160-орынды иеленіп, «Қазіргі тілдер» бағыты Топ 101-150 қатарына енді.
Сондай-ақ бірнеше негізгі бағыт бойынша өз позициясын сақтап қалды, олардың ішінде: «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 151-200, «Экономика және эконометрика» – 251-300, «Білім» саласы бойынша – 351-400, «Физика және астрономия» – 401-450.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

