Дөңгелек үстел: «Сіз темекінің зиянын білесіз бе?»

3-наурыз 2025 ж. сағат 9.30-да медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-аудиториясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медцина және денсаулық сақтау факультетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері арасында Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, медицина және денсаулық сақтау факультетінің аға куратор-эдвайзері Г.А. Арынованың ұйымдастыруымен «Сіз темекінің зиянын білесіз бе» атты дөңгелек үстел өтті. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 2 курс студенті Балабек Перизат темекінің адам организміне әсері туралы презентация жасады. 2 курс студенттері арнайы ақпараттық қағаз дайындады, студеттер арасында сауалнама жүргізді. Темекінің адам организміне әсері туралы дөңгелек үстел ауқымды түрде, толық, ақпаратты болды. Студенттер толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті ақпарат алды, санитарлық ағарту жұмысы өз дәрежесінде өтті.
Басқа жаңалықтар


