ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы және Гендерлік зерттеулер орталығы бірлесіп “Кемсітушілік пен қудалауға қарсы саясат: ережелер, жауапкершілік, қорғау” тақырыбында онлайн қонақ дәрісі өттіFarabi University

ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы және Гендерлік зерттеулер орталығы бірлесіп “Кемсітушілік пен қудалауға қарсы саясат: ережелер, жауапкершілік, қорғау” тақырыбында онлайн қонақ дәрісі өтті

17 наурыз, 2025

 

2025 жылдың 17 наурыз күні, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің даму жөніндегі директоры, Адам құқықтары, гендерлік теңдік және инклюзия саласындағы сарапшысы, БҰҰ құрылымының -әйелдер азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл бойынша ұлттық кеңесшісі, Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының Адами өлшем саласындағы сарапшысы -Нұржамал Иминова –«Кемсітушілік пен қудалауға қарсы саясат: ережелер, жауапкершілік, қорғау» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.

Дәріс барысында қудалау және гендерлік кемсітушілік мәселесіне қатысты негізгі мәселелер қаралды. Спикер осы мәселелерді реттеудің халықаралық және ұлттық мән мәтініне талдау жасап, Қазақстандағы құқық қолдану практикасы мен заңнамалық бастамаларды атап өтті. Қатысушылар кең қоғамдық резонансқа ие нақты кейстермен, сондай-ақ, БҰҰ мен Еуропалық Одақ ұсынған өзекті статистикамен танысты.

Дәріс интерактивті форматта өтті, бұл тыңдаушыларға талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Талқылау аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, бұл осы тақырыптың маңыздылығын және осы бағытта одан әрі жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді.

Іс-шараны педагогикалық практика шеңберінде «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының бірінші курс докторанттары ұйымдастырды. Ғылыми жетекші социология ғылымдарының докторы, профессор Шеденова Н.У. Мұндай дәрістерді өткізу студенттердің, оқытушылар мен әлеуметтік сала мамандарының кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз білім беру және еңбек ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.