- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: «Ең үздік студент – 2025» жобасының II кезеңі – «Brain Ring» зияткерлік сайысы өтті
ТДМ-4: «Ең үздік студент – 2025» жобасының II кезеңі – «Brain Ring» зияткерлік сайысы өтті

Оқу ордамызда «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Ең үздік студент – 2025» жобасының II кезеңі – «Brain Ring» зияткерлік сайысы өтті.
Аталған кезеңнің негізгі мақсаты – студенттердің академиялық білімін, логикалық ойлау қабілетін және жан-жақты даму деңгейін бағалау. Сайысқа университетіміздің түрлі факультеттерінен білімге құштар, белсенді әрі бастамашыл студенттер қатысты. Қатысушылар командалық рухты, шапшаңдықты, ой жүйріктігін және өзара ынтымақтастықты көрсете білді.
Зияткерлік дода барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптағы күрделі сұрақтарға жауап беріп, өз білім деңгейлерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Сонымен қатар сайыс студенттердің ғылым мен шығармашылық бағыттағы әлеуетін ашуға ықпал етті.
«Brain Ring» кезеңі – білім мен парасатты ұштастыра отырып, болашақ көшбасшыларды анықтауға бағытталған маңызды алаң болып табылды. Бұл жобаның келесі кезеңдеріне жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз!