- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: «Ең үздік студент – 2025» жобасының II-кезеңі «Brain ring» интелектуалды сайысы өтті
ТДМ-4: «Ең үздік студент – 2025» жобасының II-кезеңі «Brain ring» интелектуалды сайысы өтті
6 наурыз, 2025

Оқу ордамызда «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен 6 наурыз «Ең үздік студент - 2025» жобасының II-кезеңі «Brain ring» интелектуалды сайысы өтті!
Бұл сайыс бәсекеге қабілетті студенттерді түрлі бағытта сынап көрді. Олар өздерінің үздік екенін дәлелдеу мақсатында еңбек атқарып, өз жұмыстарын көрсете білді. Бұл сайыс қатысушы студенттердің білімін ғана тексеріп қоймай, логикалық ойлауды да арттырғаны сөзсіз. Студенттер өздерінің ғылымда да, шығармашылықта да жан-жақты үздік екендерін көрсете білді.
Сайысқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!