«Қазіргі мәдениеттегі тұлға имиджінің гендерлік негіздері»

2025 жылдың 3 сәуір күні филология факультеті, «Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы» кафедрасының аға оқытушысы А.Қ.Саргелтаеваның ұйымдастыруымен №17 жатақханада тұрақты даму мақсаттары (ТМД 5) аясында «Қазіргі мәдениеттегі тұлға имиджінің гендерлік негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамдағы гендерлік ерекшеліктердің тұлға имиджіне әсерін талдау, ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдері мен олардың мәдениеттегі көрінісін сараптау.
Дөңгелек үстелдің шымылдығын тақырыбы бойынша дайындалған видео-ролик, перезентациялық таныстырылым ашты. Іс-шара барысында студенттер «Гендерлік стереотиптердің имидж қалыптастыруға ықпалын анықтау», «Әртүрлі салаларда (саясат, бизнес, өнер, медиа) тұлға имиджінің қалыптасуындағы гендерлік факторлар», «Қоғамдағы гендерлік теңдікті насихаттай отырып, оң имидж қалыптастыру жолдары» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Студенттер баяндамашыларға әр тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар арасында қазіргі тұлға имиджінің гендерлік негіздері бойынша ашық пікір алмасу мақсатында зияткерлік пікірталас өткізіліп, тақырып бойынша сахналық қойылым көрсетілді.
Іс-шараның соңында аға оқытушы А.Қ.Саргелтаева тақырып аясында жан-жақты көзқарастарды жинақтай отырып, қазіргі таңдағы гендерлік ерекшеліктердің тұлға имиджіне әсерін түсіндіріп, бүгінгі тақырыпқа қорытынды жасады.
Басқа жаңалықтар

