
«Тазалық – табалдырықтан басталады» дейді халық даналығы. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жарқын күз» ауқымды экологиялық науқаны өтті.
Оған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-3 – жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ-6 – таза су және санитария), Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен тыңдаушылар, олардың ішінде қандас жастар қатысып, белсенділік танытты. Сондай-ақ сенбілік жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншілері атсалысып, Алатау ауданындағы ALA жаңа саябағына 1500 түп көшет отырғыздық.
Мұндай шаралар қоршаған ортаға мейіріммен қарауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізіп, айналамызды таза ұстауға, кез келген жерге қоқыс тастамауға үндейді.
Алматы – ортақ үйіміз. Қаланы таза ұстайық. Алматы тұрғындарын, әсіресе жастарды шаһарды тазартуға, қоршаған ортаны сақтауға шақырамыз.
Сандуғаш
НҰРТІЛЕУОВА,
Жоғары оқу орнына дейінгі
дайындық кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар

