3D басып шығару озық технологиясы

Оқу ордасына Bambu Lab (A1 mini) және Anycubic (Photon Mono 2) фирмаларының жаңа 3D басып шығару құрылғылары сатып алынды.
Мамандардың айтуынша, Bambu Lab 3D принтерлерінің негізгі ерекшеліктері дәстүрлі FDM-принтерлеріне қарағанда жылдамырақ басып шығарады. Бір сеанста 16 материалға дейін басып шығару мүмкіндігі бар және автоматты түрде материал беру жүйесін пайдаланады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні біріктіреді.
Химия және химиялық технология факультеті мамандарының пікірінше, фотополимерлік шайырды қолданатын LCD/Resin принтерлері (мысалы, Anycubic Photon Mono 2) жоғары ажыратымдылық пен дәлдік қабілетімен ерекшеленеді. Мұндай мүмкіндік оларды күрделі модель, миниатюра және жоғары дәлдікті бөлшектер жасауға қолайлы етеді.
Бұдан былай химия және химиялық технология факультетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының студенттері 3D басып шығару саласындағы алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану бойынша қосымша құзыреттерге ие болады. Бұл кәсіби дағдыларды жетілдіріп, заманауи әдістерді оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде қолданудың бірегей мүмкіндігі екенін баса айтқымыз келеді.
Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ
Басқа жаңалықтар

