
53 жастағы Шакизад Рахменшеев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс докторанты. Қазіргі таңда тарих факультетіндегі Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында архивтану, құжатнама мамандығы бойынша білім алуда.
Шакизад Құттыбайұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1994 жылғы түлегі. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, қара шаңырақта 2007 жылға дейін табанды жұмыс істеп, студенттерге дәріс берді. Кейін 2016 жылы Талдықорған қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында магистрант оқуын тамамдаған.
«Болашақта Қазақстан және дүниежүзі тарихының дамуына үлес қосқым келеді. Ғылым бір орында тұрмайды. Күннен-күнге даму үстінде. Тарихи зерттеу әдістері мен білім беру бағдарламалары өзгеріп жатыр. Қазіргі таңда осы жаңа әдістерді меңгере отырып, білімімді жетілдіріп жатырмын. Білім аламын, ғылыммен айналысамын деген адамға елімізді ешқандай шектеу жоқ», – дейді Шакизад Рахменшеев.
Бүгінде Шакизад Құттыбайұлы «Халық» сақтандыру компаниясында кеңсе басшысы болып жұмыс істейді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
