Қайырымдылық шара ұйымдастырылдыFarabi University

Қайырымдылық шара ұйымдастырылды

20 марта, 2025

Рамазан айының рухани берекесі мен Наурыз мейрамының шуақты сәні тоғысқан күнде, “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері кураторы Бейбітхан Еркегүл апаймен бірге игі іс атқарылды.

Жалғызбасты, көпбалалы анаға көмек көрсетіліп, қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізілді. Балаларға шаттық сыйланып, жүрек жылуы мен мейірімнің шынайы үлгісі көрсетілді.
Ізгілік жолы жалғасын тапсын! ✨ 20.03.2025