ЖОО-дағы гендерлік, ұлттық тәрбие білім беру жүйесі

2025 жылдың 18 сәуір күні Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты Одилова Айдана педагогикалық практика аясында «ЖОО-дағы гендерлік, ұлттық тәрбие білім беру жүйесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Азимбаева И.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға гендерлік теңдік ұғымын түсіндіру, ұлттық тәрбие мен мәдениетке деген құрметті арттыру, түрлі көзқарастарды құрметтей отырып, толерантты тұлға қалыптастыру.
Іс-шара барысында гендерлік рөлдер мен ұлттық құндылықтар төңірегінде бейнеролик көрсетіліп, осы негізде қызу пікірталас ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ұлттық құндылықтар және қазіргі жастар» атты интерактивті сұхбат барысында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі жастардың бойындағы ұлттық тәрбие мен гендерлік көзқарастар жайлы ой өрбітті. Сабақ барысында студенттерден «Гендерлік теңдік деген не?», «Ұлттық тәрбиенің заманауи қоғамдағы орны қандай?» деген сұрақтар төңірегінде пікірлер алынды. Студенттер белсенділік танытып, түрлі көзқарастарын ашық білдірді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушылар:
Одилова А.Ж. – Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты
Азимбаева И.К. – Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы
Басқа жаңалықтар


