«Су дипломатиясы» бағдарламасы аясында IWMI өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті
2025 жылғы 22 сәуірде География және табиғатты пайдалану факультеті мен Метеорология және гидрология кафедрасы Орталық Азиядағы Blue Peace бастамасы аясында әзірленген «7М05220 – Су дипломатиясы» білім беру бағдарламасы шеңберінде жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуге Халықаралық су ресурстарын басқару институтының (IWMI) Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің басшысы Барбара Януш-Павлетта, IWMI-дің Қазақстандағы жобалар үйлестірушісі Данила Уваров, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Ибраимов Маргулан Касенович, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Рахимбекова Бақыт Қуанышбекқызы, факультет деканы Актымбаева Алия Сагындыковна, сондай-ақ кафедраның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, профессорлар, доценттер мен аға оқытушылар қатысты.
Іс-шара барысында IWMI қызметі мен Blue Peace бастамасының Орталық Азиядағы рөліне арналған презентациялар ұсынылды. Онда ғылым мен саясат арасындағы диалогты нығайту, кадрларды даярлау және халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері көтерілді.
Тұрақты даму мақсаттары 6 – Таза су және санитария мақсаттарын жүзеге асыру аясында, су ресурстарын тиімді басқару және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін геоақпараттық жүйелер мен инновациялық шешімдердің маңызы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, «7М05220 – Су дипломатиясы» атты бірлескен магистратура бағдарламасын іске қосу бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, академиялық мазмұны, халықаралық серіктестік, қаржыландыру мүмкіндіктері және институционалдық қолдау жолдары қарастырылды.
Кездесу нәтижесінде нақты іс-шаралар жоспары жасалып, бағдарламаны жүзеге асыру бойынша келесі қадамдар мен мерзімдер келісілді. Байланысты тиімді жүргізу үшін жауапты контакттік тұлғалар тағайындалды.
Басқа жаңалықтар


