Жаңа фотожинақ жарық көрдіFarabi University

Жаңа фотожинақ жарық көрді

24 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының аға оқытушысы, PhD, белгілі фотожурналист Досжан Балабекұлының  «Алатауды аралағанда... /Тайны горизонтов Алатау/Secrets of the Alatau horizons» фотоальбомының тұсаукесері өтті. Кітап «Дарын» баспасынан жарық көрді.

Фотожинақта Алматы мен Жетісу облысындағы таулы аймақтардың (Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу Алатауының) табиғи келбеті мен ҚазҰУ қалашығының көркем фотосуреттері топтастырылған.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, Философия кафедрасының профессоры Жақыпбек Алтаев, Философия кафедрасының меңгерушісі Әсет Құранбек, журналистика факультетінің профессоры Кәкен Қамзин, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, «Zhusan» шығармашылық орталығының жетекшісі, белгілі фотограф Жеңіс Ысқабай, «Ана тілі» ұлт газеті бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлы, белгілі журналист Қуанышбек Қари қатысып, Досжан Балабекұлының шығармашылық еңбегін ерекше атап өтті.

Шараға сонымен бірге «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бауыржан Әбішев, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшу өндірісі бөлімінің басшысы Якубжан Ибрагимов, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы Бекзат Байшалов т.б. қатысып, жаңа фотожинақ туралы пікірлерімен бөлісті.

Кітапты шығаруға демеуші болған «Дарын» баспасының директоры Жанат Бекетан: «Бұл кітап фотографтар үшін ғана емес, табиғатты сүйетін, философияға қызығатын медиа саласының өкілдеріне, тарихшы, эколог мамандарға, жалпы, көпшілік оқырманға пайдалы еңбек», – деп атап өтті.

Шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия кафедрасы ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі