University Chess Cup ТурниріFarabi University

University Chess Cup Турнирі

23 сәуір, 2025

22-23.04.2025. Алматы.

University Chess Cup Турнирі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті командасының University Chess Cup шахмат турниріндегі жеңісі.

Алғаш рет өткен университет студенттері арасындағы турнирде ҚазҰУ командасы командалық есепте бірінші орынды иеленді. AlMAU университеті -2 орын. ХАТУ университеті - 3 орын. Турнирге 34 жоғары оқу орындарының командалары қатысты.

Жарысты Қазақстан шахмат Федерациясы мен ұлттық спорттық студенттер одағы ұйымдастырды.

Екі күндік жарыс Швейцария жүйесі бойынша өтті. Турнир 9 турдан тұрды, онда әр ойыншыға 10 минут уақыт берілді, әр айналымнан кейін 5 секунд қосылды.

Біздің команда құрамында:

Тұрсынәлі Бекарыс-медицина факультетінің 1 курс студенті,

Аманжол Сұлтан-Ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті,

Қонысбай Шапағат-ақпараттық технологиялар факультетінің 4 курс студенті

Лесбекова Әсел-экономика және бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенті.

ҚазҰУ механика - математика факультетінің 3 курс студенті Алмас Шудабай турнирдің жеке есебінде бірінші тақтада алтын медаль жеңіп алды.

Жаттықтырушы-Серікбай Шыңғысхан

Құттықтаймыз!!!

Спорт клубы, СӨС орталығы

Басқа жаңалықтар