«Алғашқы махаббат» спектаклі қуаныш пен күлкі сыйлады
18 наурыз, 2025

«Алғашқы махаббат» — қазақ драматургі Қанат Жүнісовтің жазған, мектеп өмірі мен жасөспірімдердің алғашқы сезімдерін бейнелейтін комедиялық спектаклі. Бұл қойылымда 11-сынып оқушысы Қанаттың ауылға келген жас мұғалімге ғашық болып, өз сезімін өлеңмен білдіруге тырысатын оқиғасы баяндалады. Мектеп өмірінің қызықтары, сыныптастардың әзілдері мен достық қатынастар көрініс табады.
Студенттік «БІЗ» театры бұл қойылым арқылы көрермендерге мектеп кезіндегі алғашқы махаббат пен балалық шақтың естеліктерін еске түсіріп, қуаныш пен күлкі сыйлайды. «Алғашқы махаббат» спектаклі Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде ҚазҰУ-да да қойылды.