Элеонора Дүйсенқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Мерейтойлық симфония» кеші өтті.Farabi University

Элеонора Дүйсенқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Мерейтойлық симфония» кеші өтті.

17 сәуір, 2025

17 сәуір, 2025 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология ғылымының докторы, профессор, II дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Элеонора Дүйсенқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Мерейтойлық симфония» кеші өтті.

Мерекелік іс-шараға Элеонора Дүйсенқызының әріптестері, серіктестері, шәкірттері, туыстары мен достары және белгілі ғалымдар жиналды. Олардың көпшілігі басқа елдер мен қалалардан келген.

Салтанатты шара жүргізушілердің құттықтау сөзімен басталды. Профессор саналы ғұмырының алпыс жылдан астам уақытын ғылым мен білімге арнаған тұлға. «Профессор Элеонора Сүлейменоваға арналған мерейтойлық симфония – бұл жай ғана құрмет емес, бұл оның ғылыми және педагогикалық қызметінің барлық жан-жақты аспектілері айтылатын музыкалық портреттің бір түрі. Осы симфониядағы әрбір аккорд, әрбір қозғалыс оның ғылыми мансабындағы жаңа кезеңді бейнелейді, әрбір тон ғылымның дамуына қосқан үлесі болып табылады», – деді кешті жүргізушілер.

Мерейтой иесін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құттықтап, ғалымның еліміздің ғылымы мен біліміне қосқан үлесін, білікті мамандар мен талантты ғалымдардың бірнеше буынын тәрбиелегенін атап өтті.

Мерекелік кеште Элеонора Дүйсенқызының сүйікті «Екі жирен» әнін университеттің Арт-орталығының қызметкері Бекзат Абитов орындады. «Бақыт» студенттік би ансамблі мен «Фараб» этно-ансамблі де өнер көрсетті.