ТДМ-4: «Q-Unite» командасы – «SANAQ» зияткерлік шоуының Бас жүлде иегеріFarabi University

ТДМ-4: «Q-Unite» командасы – «SANAQ» зияткерлік шоуының Бас жүлде иегері

2 мамыр, 2025

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, қала әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған «SANAQ» интеллектуалды шоуының финалдық кезеңі өтті. Бұл сайыс – жастардың білімін, логикасын, тапқырлығын сынға салатын ауқымды зияткерлік дода.

Оқу ордамыздың атынан жарысқа қатысқан «Q-Unite» командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Бас жүлдені иеленді. Команда құрамында университетіміздің әр факультетінен іріктелген білімді, белсенді студенттер болды:

  • Баян Ұласхан – Экономика және Бизнес жоғары мектебі, 1-курс студенті;

  • Мұханова Айғаным – Философия және Саясаттану факультеті, 1-курс студенті;

  • Алдабергенова Ақырыс – Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, 1-курс студенті;

  • Тұрсынбаев Байдәулет – Филология факультеті, 2-курс студенті.

Сайыс алты кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру

  2. Қазақстан тарихы

  3. Бәйге

  4. Үй тапсырмасы

  5. Таңдау жаса

  6. Ва-банк

«Q-Unite» командасы сайыстың барлық кезеңінде білім мен тапқырлықты үйлестіріп, Narxoz университеті, UIB, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті сияқты үздік оқу орындарының командаларын артта қалдырды.

Жеңімпаз команда қатысушыларына Xiamo TV үлкен экранды теледидары мен тұрмыстық техника сыйлықтары табысталды.

Бұл жетістік – студенттердің сапалы білім мен зияткерлік дамуға басымдық беріп келе жатқанын көрсететін айқын дәлел. Университетіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаз студенттерімізге алғыс білдіреміз!