- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ–4, 5, 11, 16: «Ұлт ажары: Сұлтандар мен арулар – 2025» байқауы: ұлттық рух пен заманауи мәдениеттің жарқын көрінісі
ТДМ–4, 5, 11, 16: «Ұлт ажары: Сұлтандар мен арулар – 2025» байқауы: ұлттық рух пен заманауи мәдениеттің жарқын көрінісі
Университетімізде «Ұлт ажары: Сұлтандар мен арулар – 2025» атты байқаудың финалдық кезеңі өтті. Биылғы жылы бұл байқау қалалық деңгейде ұйымдастырылып, түрлі жоғары оқу орындарының талантты, өнерлі жастарын біріктірді.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық болмыс пен заманауи мәдениетті үйлестіре отырып, жан-жақты дамыған жастарды анықтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар, байқау сахна мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін дамытып, шығармашылық қабілетті арттыруды көздеді.
Финалдық кезең «Таныстыру», «Дефиле», «Өнер көрсету» сынды үш бөлімнен тұрды. Іріктеуден өткен 10 үміткер байқаудың финалына қатысып, әр кезеңде өздерінің шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін, сөйлеу мәнерін және ұлттық нақыштағы бейнесін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау қорытындысы төмендегідей:
«Жігіт сұлтаны» аталымы бойынша:
- Гран-при – Еділұлы Асылжан (Журналистика факультеті)
- І орын – Мұратұлы Алмас (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
- ІІ орын – Сейдахметов Жігер (Экономика және бизнес жоғары мектебі)
- ІІІ орын – Елубеков Жігер (Механика-математика факультеті)
«Ана тілі аруы» аталымы бойынша:
- Гран-при – Зиядин Айгерім (Халықаралық қатынастар факультеті)
- І орын – Булкенбай Толғанай (География және табиғатты пайдалану факультеті)
- ІІ орын – Елемес Еңлік (Журналистика факультеті)
- ІІІ орын – Тлеш Нұрай (Химия және химиялық технологиялар факультеті)
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендер тарапынан оң пікірлерге ие болды.
Мұндай байқаулар – бұл жас ұрпақтың ұлттық болмысын тереңінен тануға, заманауи мәдениетпен үйлестіре отырып, болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды мәдени жоба.