- Басты бет
- Арт орталық
- «Фараби сазы» оркестрі «Jas Gala – 2025» қалалық студенттік фестиваліне қатысты
«Фараби сазы» оркестрі «Jas Gala – 2025» қалалық студенттік фестиваліне қатысты

Алматыда «Jas Gala – 2025» қалалық студенттік фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл фестивальге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері белсене қатысты. Іс-шара 2025 жылдың 5 наурызынан 13 мамырға дейін өтті және Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен «Алматы студенттер альянсының» қолдауымен ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында Алматы қаласының 27 жоғары оқу орнынан және 25 колледжінен 2900-ден астам студент қатысып, 608 өтінім берілді. Жүлде қоры — 7 500 000 теңге. Фестиваль бірнеше маңызды мерекелік даталарға арналды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Жұмысшы жастар жылы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы.
ҚазҰУ студенттері вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр өнері секілді түрлі номинацияларда белсенділік танытты. Талантты көркемдік жетекші Зита Сванбаева басқарған «Фараби сазы» оркестрі кәсіби музыкалық жоғары оқу орындары да қатысқан байқауда III орынға ие болды.
«Jas Gala – 2025» фестивалі Алматы жастары үшін шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, кәсіби дамуға мүмкіндік берген маңызды мәдени оқиға болды.