ҚазҰУ-да түлектер бас қостыFarabi University

ҚазҰУ-да түлектер бас қосты

17 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін 45 жыл бұрын бітірген түлектер жиналып, қара шаңырақта бас қосты.

Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, филология ғылымының докторлары, профессорлар, тіл мамандары, түрколог-ғалымдар бар.

Университетке арнайы келген түлектер ҚазҰУ мұражайымен, оқу орнына қойылған Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер класстерімен танысты.  Сондай-ақ жерді қашықтан зондтау орталығы мен бір кездері өздері тұрған 8 Студенттер үйін аралады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90 жылдығы аясында бой көтерген «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығында болып, шағын концерт пен деректі фильм тамашалады. Соңынан түлектер өз әсерлерімен бөлісіп, жылы қабылдағаны үшін университет ұжымына  ризашылықтарын жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі