Жас ғалымдарға арналған онлайн семинарFarabi University

Жас ғалымдарға арналған онлайн семинар

19 мамыр, 2025

Құрметті жас ғалымдар!

Сіздерді алдағы онлайн семинарымызға шақырамыз!

👩‍🔬 Спикер: PhD, қауымдастырылған профессор, Байматова Насиба Хикматуллаевна
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Экология биосферасы» зертханасының меңгерушісі

🔹 Тақырыбы:
"Халықаралық постдокторлық бағдарламаны таңдау"

Насиба Хикматуллаевна — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да постдокторантураны табысты аяқтаған жас ғалым. Қазіргі уақытта АҚШ-та Fulbright халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Семинар барысында спикер халықаралық постдокторлық бағдарламаларды іздеу, іріктеу және сәтті өтудің негізгі тетіктері мен жеке тәжірибесімен бөліседі.

🔍 Семинарда сіздер:

Халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысудың маңыздылығы;

Fulbright және өзге де бағдарламаларға өтінім беру тәртібі;

Ғылыми-зерттеу тақырыптарын іріктеу мен серіктес табу жолдары;

Шетелдік зерттеу орталарында жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы мәлімет аласыздар.

📅 Күні: 2025 жылғы 20 мамыр
⏰ Уақыты: 18:00
📍 Форматы: Онлайн (Zoom)
🔗 Семинарға сілтеме:
https://zoom.us/j/98832238511?pwd=FgZBN05XTXbgiKSItkxuAOBGPE1ScV.1 

Барша жас ғалымдарды белсенді қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым департаменті
Жас ғалымдар кеңесі