Жас ғалымдарға арналған онлайн семинар
Құрметті жас ғалымдар!
Сіздерді алдағы онлайн семинарымызға шақырамыз!
👩🔬 Спикер: PhD, қауымдастырылған профессор, Байматова Насиба Хикматуллаевна
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Экология биосферасы» зертханасының меңгерушісі
🔹 Тақырыбы:
"Халықаралық постдокторлық бағдарламаны таңдау"
Насиба Хикматуллаевна — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да постдокторантураны табысты аяқтаған жас ғалым. Қазіргі уақытта АҚШ-та Fulbright халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Семинар барысында спикер халықаралық постдокторлық бағдарламаларды іздеу, іріктеу және сәтті өтудің негізгі тетіктері мен жеке тәжірибесімен бөліседі.
🔍 Семинарда сіздер:
Халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысудың маңыздылығы;
Fulbright және өзге де бағдарламаларға өтінім беру тәртібі;
Ғылыми-зерттеу тақырыптарын іріктеу мен серіктес табу жолдары;
Шетелдік зерттеу орталарында жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы мәлімет аласыздар.
📅 Күні: 2025 жылғы 20 мамыр
⏰ Уақыты: 18:00
📍 Форматы: Онлайн (Zoom)
🔗 Семинарға сілтеме:
https://zoom.us/j/98832238511?pwd=FgZBN05XTXbgiKSItkxuAOBGPE1ScV.1
Барша жас ғалымдарды белсенді қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастырушылар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым департаменті
Жас ғалымдар кеңесі