ҚазҰУ шахматшылары бірінші орын алдыFarabi University

ҚазҰУ шахматшылары бірінші орын алды

20 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шахматшы жастары Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада  бірінші орынды иеленді.

ҚазҰУ-дың шахматшылар командасы: медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті   Бекарыс Тұрсынәлі, ақпараттық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Сұлтан Аманжол, ақпараттық технологиялар факультетінің 4-курс студенті Шапағат Қонысбай, механика-математика факультетінің 3-курс студенті Алмас Шаудабай, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенті Әсел Лесбекова, медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Аружан Шаукен қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар Әсел Лесбекова жекелей сында топ жарып, бірінші орын алды.

Шахматшы студенттердің жаттықтырушысы – ҚазҰУ-дың Спорт клубы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының оқытушысы Серікбай Шыңғысхан.

Жазғы универсиада 16 маусымға дейін жалғасады.

Еліміздің 71 жоғары оқу орнынан қатысып жатқан командалар 800 медаль мен 104 кубокты сарапқа салуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі