Аэроғарыштық технологиялардың әлеуеті артады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай аэроғарыш жүйелері корпорациясының (CGWIC) делегациясымен кездесу өтті.
Қытай делегациясынан CASC Халықаралық бизнес департаментінің жоба жетекшісі Ли Ифань, №4 ALIT өңірлік бөлімшесі бас директорының орынбасары Цуй Шицян және №4 ALIT өңірлік бөлімшесінің аға менеджері Тянь Лу ҚазҰУ-ға арнайы келді.
Кездесуде ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректорының м.а. Марғұлан Ибраимов білім ордасының Қытайдың ғылыми қауымдастығымен тығыз байланысына тоқталды. Сонымен қатар Қытай корпорациясының өкілдеріне университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми-инновациялық бағыттар және бірлескен халықаралық жобалар туралы баяндады.
Айта кету керек, ҚазҰУ әлемнің 620 университетімен қарым-қатынас орнатқан. Білім ордасында 4500 шетелдік студент оқиды, олардың 900-ге жуығы қытайлық студенттер.
CASC Халықаралық бизнес департаменті бас директорының орынбасары Лин Мо да осы кездесудің серіктестік қатынастарды нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.
Жүздесу кезінде екі тарап бірлескен жобалар мен бастамаларға ерекше назар аудара отырып, пікір алмасып, ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Іс-шара соңында кампус-тур ұйымдастырылды, делегация ҚазҰУ-дың аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетістіктері мен ғылыми әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беретін шағын ғарыштық аппараттарды әзірлеу жөніндегі зертханаға барды.
Іс-шараның соңында кампус бойынша тур ұйымдастырылды, оның барысында делегация кіші ғарыштық аппараттарды әзірлеу зертханасына барды, бұл ҚазҰУ-дың аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетістіктері мен ғылыми әлеуетін көрсетті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


