«Әлемнің этно-тілдік ерекшелігі және түркі мұрасы» атты III халықаралық конференциясыFarabi University

«Әлемнің этно-тілдік ерекшелігі және түркі мұрасы» атты III халықаралық конференциясы

30 мамыр, 2025

Құрметті достар мен әріптестер!

 

Сіздерді 2025 жылғы 17-18 қазан аралығында өткізілетін

«Әлемнің этно-тілдік ерекшелігі және түркі мұрасы»

атты III халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты – түркітану мен алтайтану, диахрондық компаративистік этнолингвомәдениеттанудың жалпы теориялық және әдіснамалық мәселелерін талдау.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

• Әлемдегі және Қазақстандағы түркі тілдері;

• Тарих тілі және тілдегі тарих;

• Тілдік әртүрлілік және контактология контексіндегі заманауи зерттеулер;

• Түркі халықтарының эпостық мәтіндері рухани жаңғырудың негізі ретінде;

• Тарихи-археологиялық зерттеулердегі түркі мұрасы.

Қатысу үшін 2025 жылдың 10 тамыз айына дейін келесі сілтеме бойынша тіркеліп https://docs.google.com/forms/d/1OzlYacrj84XqOL_JeYISQGBv0FqLSwBTB_HbAA-MiDE/edit, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған аңдатпаны келесі электронды мекен-жайға жіберу қажет: turkology.ri@gmail.com.

 

Конференцияға белгілі түркітанушылар, алтайтанушылар және диахрондық компаративистика саласындағы мамандар қатысады.

Талқылауға ЖОО оқытушылары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, мұрағат қызметкерлері, жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

 

Жұмыс тілдері: қазақ және басқа түркі тілдері, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу формасы: офлайн және онлайн (Zoom қосылымымен)

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы (Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71/27).

 

Байланысу: Искендир Аққуралай - түркітану және алтайтану ҒЗИ жетекші маманы. Моб. тел.: +77472917390  Эл. пошта:  turkology.ri@gmail.com.

 

Аңдатпаға қойылатын талаптар: көлемі-200-300 сөз (12 кегль)

Аңдатпа құрылымы келесі міндетті тармақтарды қамтиды:

  • Кіріспе.
  • Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары.
  • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
  • Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы.
  • Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары.
  • Жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні.

Түйінді сөздер / сөз тіркестері – қазақ немесе орыс тілдерінде, сондай-ақ ағылшын тілінде 4-5 сөз.

 

Конгресс қорытындысы бойынша ұжымдық монография жарияланады (2026 жылы шығарылады). Кітапқа конгреске қатысушылардың ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша таңдалған баяндамалары енгізіледі.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті