Сапалы зерттеудегі үздік тәжірибелерFarabi University

Сапалы зерттеудегі үздік тәжірибелер

2 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Сапалы зерттеудегі үздік тәжірибелер» тақырыбында тренинг-семинар өтті.

Семинарды Пенджаб университетінің (Лахор, Пәкістан) қауымдастырылған профессоры және Вирсенд университетінің (Калифорния, АҚШ) аға ғылыми қызметкері, доктор Раб Наваз Лодхи жүргізді. Доктор Лодхи –  Оңтүстік Флорида университетінің (АҚШ) постдокторанты, Scopus дерекқорында индекс­телетін 86 жарияланымы бар, h-индексі 15-ке тең, беделді академиялық портфолионың иесі. Ол 14 елде ғылыми-әдістемелік тренингтер өткізген және Emerald баспасынан шығатын SSCI және Scopus Q1 индексациясындағы Journal of Hospitality and Tourism Technology журналының шақырылған редакторы болған.

Кешенді оқыту семинары әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар докторанттары мен оқытушыларына арналған.

Қызықты әрі мазмұнды дәрісте сапалы зерттеулердің заманауи әдістері, ғылыми жұмысқа жасанды интеллект құралдарын интеграциялау, сондай-ақ деректерді жинау мен талдау тәсілдері қарастырылды.

Тәжірибелік бағыттағы бұл мазмұнды семинар барлық қатысушылар үшін аса пайдалы болды. Докторанттар қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдану бойынша құнды білім алып, диссертациялық жұмыстарын сәтті аяқтауға және Scopus базасында индекс­телетін журналдарда жарияланымдарын арттыруға мүмкіндік алды. Оқытушылар да қарастырылған үздік тәжірибелерді гранттық жобалар әзірлеуге және ғылыми жоғары жарияланымдар дайындауда қолдануға ниетті екенін білдірді.

Семинар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зерттеу дағдыларын нығайтудың және академиялық шеберлік мәдениетін ілгерілетудің маңызды қадамы болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі