ҚазҰУ спортшылары бадминтон жарысында топ жардыFarabi University

ҚазҰУ спортшылары бадминтон жарысында топ жарды

2 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бадминтон командасы XIII жазғы универсиадада айрықша жетістікке қол жеткізіп, 2 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік университеттің спорттық саласындағы үздік нәтижелерінің бірі болып саналады және студенттердің еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығын көрсетеді.

Команда құрамында университеттің түрлі факультеттерінде білім алатын студенттер бар:

Илья Маликов (медицина және денсаулық сақтау факультеті, магистратура 1-курс)

Райан Наир (ақпараттық технологиялар факультеті, III курс)

Бақдәулет Тоқабаев (ақпараттық технологиялар факультеті, II курс)

Ерке Төлеубаева (ақпараттық технологиялар факультеті, II курс)

Нұрай Жақай (механика-математика факультеті, II курс)

Гульфайрус Нартай (ақпараттық технологиялар факультеті, II курс)

Нәтижесінде ҚазҰУ спортшылары қыздар арасындағы командалық жарыста 1-орын, ерлер арасындағы командалық жарыста 2-орын, сондай-ақ әйелдер жұптары арасында 1-орын (Ерке Төлеубаева, Нұрай Жақай) мен ерлер жұптары арасында 2-орын (Илья Маликов, Райан Наир) жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері жеке жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетті. Ерлер арасындағы жеке жарыста 2-орын – Илья Маликов, әйелдер арасында 2-орын – Ерке Төлеубаева және 3-орын – Нұрай Жақай. Аралас жұптар арасында 3-орын – Илья Маликов және Ерке Төлеубаева ие болды.

ҚазҰУ-дың жас спортшыларын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі