Ректор түрколог ғалымдармен жүздесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Түркі әлемі және Түркістан пірі: Ясауи жолы және мирасы» атты халықаралық семинарға қатысуға арнайы келген түрколог-ғалымдармен кездесті.
Жүздесу барысында әлемдегі түркітану саласының дамуы сөз болып, түркологияның өзекті мәселелері талқыланды.
Қонақтардың қатарында Анкара Хажы Байрам Вели универсиетінің проректоры Орбай Метин, профессор Гүлтен Садуллах, Шахин Илхан, Орду университетінің профессоры Фатих Унал, Анкара университетінің профессоры Гундогду Абдуллах және өзге де түркиялық ғалымдар бар.
Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ базасында өткен «Түркі әлемі және Түркістан пірі: Ясауи жолы және мирасы» атты халықаралық семинарға арнайы келгендері үшін құрметті қонақтарға ризашылығын жеткізді. Өз сөзінде оқу ордасының басшысы университетте Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты табысты жұмыс істеп келе жатқанына тоқталды. Осы орайда ректор Түркиядан келген меймандарды аталған институтпен бірге ортақ жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Өз кезегінде түркиялық ғалымдар ілтипат білдіргені үшін және халықаралық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін университет ұжымына алғысын білдіріп, ҚазҰУ ғалымдарымен бірге болашақта серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

