Мақсат – инновациялық биотехнологияларды енгізуFarabi University

Мақсат – инновациялық биотехнологияларды енгізу

11 маусым, 2025

«Біз еліміздің әлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын және ең бастысы, мәселені тиімді шеше алатын әлеуеті мықты ел болуымыз қажет. Сондықтан білім мен инновацияға негізделген дамыған әрі жоғары технологиялық экономика құруға тиіспіз. Мұның бәрі азаматтар үшін жасалады. Себебі адам – біздің мемлекетіміз үшін ең басты құн­ды­лық», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда. 

Білім мен инновация – қа­зір­гі заманның ең құнды қаруы. Же­тілген жоғары технологияға жетудің төте жолы. Осыған жіті мән беретін Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ университеттік ғы­лымды өркендету жолында тың ізденістерге баруда. Бүгінгі әң­гіме Қазақ-неміс-қытай ха­лық­аралық қолданбалы ми­кро­­биология зертханасы жа­йын­да болмақ.

ЗЕРТХАНА ШЕЖІРЕСІ

Зертхана жетекшісі, PhD док­торы, Биотехнология ка­фе­драсының профессоры Нұ­ралы Шардарбекұлының ай­туын­ша, зертхананың негізі қа­ланғанына отыз жылға таяу уақыт болған. Германия ға­лым­дарымен бірлескен ғылыми-зерт­теу жұмыстарын 1998 жыл­­дан бері жүргізіп келеді. Осы жылдар аралығында он­да­ған ғылыми зерттеу жұ­мыс­тары Scopus/Web of science ғылыми деректер базаларында жарияланып, ғылыми қо­ғам­дас­тықтарда жоғары ба­ға­ла­нуда. Осы уақытта зертхананың және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және био­тех­нология факультетінің магис­трант­тары, PhD докто­рант­та­ры, PhD докторлары мен «Бо­лашақ» және DAAD секілді беделді бағдарламаларының шәкіртақы иегерлері Аахен қолданбалы ғылымдар уни­вер­ситетінің зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтті. Олар ел ғылымының дамуына серпінді үлес қосып, Германия мен Қазақстан ғылым және жо­ғары білім саласындағы ын­ты­мақтастықтың берік болуына сеп­тігін тигізуде.

Зертхананың бастапқы және тұрақты әріптесі ретінде Гер­ма­нияның Аахен қолданбалы ғылымдар университетінің (FH Aachen, Campus Jülich) про­фес­соры Илья Дигельді ерек­ше атап өтуге болады. Про­фес­сор И.Дигель зертхана магистранттары мен PhD док­то­ранттарына жетекшілік жа­сайды. 2018 жылдан бері бұл зерт­хана Қытай Халық Рес­пуб­ликасының ғалымдарымен бір­лес­кен ғылыми жұмыстарды іске асырып келе жатыр. Атап айтқанда Шэньси ғылым және технология университеті азық-түлік және биологиялық инже­не­рия факультетінің қауым­дас­тырылған профессоры Джиан Джамен (Jian Zha) (Сиань, Шэньси провинциясы) тығыз байланыс орнады. Scopus/Web of Science ғылыми деректер базаларында жоғары индекс­тел­ген журналдарға ма­қалалар жариялап, қауым­дас­­тырылған профессор Джиан Джа зерт­хананың ма­гис­трант­та­ры мен докторанттарына ғылыми же­тек­ші болып отыр. Осы бай­ла­ныстың нәтижесінде зерт­ха­наның жас ғалымдары Шэньси ғылым және техно­ло­гия уни­вер­ситеті азық-түлік жә­не био­логиялық инженерия фа­куль­тетінің зертхана­ла­рын­да ғы­­лыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алып, та­ғы­лымдамадан өтуде. Соны­мен қатар молекулалық био­ло­гия саласындағы заманауи әдіс­тер мен әдіснамаларды меңгеруде. Соның бір мысалы ретінде зертхананың жас ға­лымы Б.Каменов арадағы бай­ла­ныстың арқасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Барлық шығындарды қытай әріптес­те­ріміз көтерді.

МАҚСАТЫ

Зертхана биотехнология са­­ласындағы ғылыми зерт­теу­лерді халықаралық деңгейде дамытуға, инновациялық био­тех­нологияларды енгізуге және Қазақстанның ғылыми әлеуе­тін арттыруға бағыт­тал­ған. Бұл орталық Қазақстан, Германия және Қытай ғалымдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде құрылып, микробиологияның қолданбалы салаларына – ауыл шаруашылығы, экология, медицина және өнеркәсіпке ерекше назар аударады.

 

МАҢЫЗЫ

Ғылыми интеграция: үш ел­дің ғалымдары арасындағы ын­тымақтастық арқылы озық технологиялар мен тәжіри­бе­лер­ді алмасу.

Азық-түлік қауіпсіздігі: ми­кро­биологиялық зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруа­шы­лы­ғында өнімділік пен эко­логиялық тұрақтылықты арт­ты­ратын шешімдер әзірлеу.

Экологиялық тұрақтылық: қор­шаған ортаға зиян кел­тір­мей­тін технологияларды да­мыту және табиғи ресурстарды қал­пына келтіру жолдарын қа­растыру.

Денсаулық сақтау: биоме­ди­цина саласында инно­ва­ция­лар жасап, жаңа дәрілік заттар мен емдеу әдістерін зерттеу.

 

БОЛАШАҒЫ

Трансұлттық зерттеулер: зертхана микробиология мен биотехнология салаларында халықаралық деңгейде мойын­дал­ған ғылыми орталыққа ай­на­луды көздейді.

Инновациялық стартаптар: алынған нәтижелердің не­гі­зін­де биотехнологиялық өнімдер мен қызметтерді коммер­ция­лан­дыру.

Ғылыми кадрлар даярлау: зертхана Қазақстан мен се­рік­тес елдердің жас ғалымдарына ар­налған бірегей платформа болады.

Жаһандық серіктестік: зерт­теу нәтижелерін әлемдік дең­гейде қолдану үшін ха­лық­ара­лық ұйымдармен байланыс ор­нату.

Зертханамыздың ұзақ жыл­дар бойы Германия мен Қы­тай­дың жетекші универ­ситет­те­рінің ғалымдарымен әріп­тес­тіктің же­місі ретінде 2024 жылдың 20 қарашасында Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың 90 жыл­ды­ғына орай, био­ло­гия және биотех­но­логия фа­куль­тетінде Қазақ-не­міс-қытай ха­лықара­лық қол­дан­балы ми­кро­­био­ло­гия зерт­ханасы ашыл­­ды. Зерт­хананың ашылу сал­та­на­тына Германия, Қытай және отандық ғалымдар қа­тыс­ты.

Зертхананың салтанатты ашы­лу рәсіміне Әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-дың бас­шы­лары, Аахен қолданбалы ғы­лым­дар университетінің про­­фес­соры және институт ди­­­­рек­­торы Илья Дигель, био­­­логия және биотехнология факультетінің ұстаздары мен білім алушылар қатысты.

Үш ел ғалымдарының бір­­лес­кен жұмысының оң нә­ти­жесі осы зертхананың ашы­луы­на себепкер болды. Қа­­­зақ-неміс-қытай халық­ара­лық қолданбалы микро­био­ло­гия зертханасының ғылыми әлеуеті зор. Атап айтсақ, биология ғылымының докторы, профессор Ажар Жұбанова, бас ғылыми қызметкері, про­фессор Нұралы Әкімбеков, бас ғылыми қызметкері, PhD Қуа­ныш Талғатұлы, Jian Zha Сиань қаласындағы Шэньси ғылым және технология университеті Тамақ және биологиялық ин­же­нерия мектебінің қауым­дас­ты­рылған профессоры және Аахен қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры және институт директоры Илья Дигельдің зертхана ашы­луын­да шешуші рөл атқарғанына ерекше назар аударылып, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ тү­легіне «Ерен еңбегі үшін» ме­далі табысталды.

ТҮЙІН

Зертхана биотехнология са­ла­сындағы ғылыми зерт­теу­лерді халықаралық деңгейде дамытуды, инновациялық био­технологияларды енгізуді және Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруды көздейді.

Зертхана университет бас­шы­лығының қолдауы, жас ға­лымдардың күш-жігері және халықаралық серіктестердің қосқан үлесінің арқасында құрылып, қызмет етіп жатыр. Келешекте бұл зертхананың табысы отандық ғылымды өр­кендетуге үлкен үлес қо­са­ты­нына сенім мол. Өйткені ғылым әлемді көркейтеді.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ