- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Samruk-Green Energy» нысандарында жылуфизика және техникалық физика кафедрасы оқытушыларының өндірістік тәжірибесі
«Samruk-Green Energy» нысандарында жылуфизика және техникалық физика кафедрасы оқытушыларының өндірістік тәжірибесі

Университет пен «Samruk-Green Energy» ЖШС арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибенің мақсаты – тәжірибе алмасу, өндіріс тарапынан өзекті ақпарат пен сұраныстар алу, сондай-ақ ғылыми және білім беру әлеуетін күшейту.
10 күндік тәжірибе барысында оқытушылар күн, жел және шағын су электр станцияларымен танысты. Энергетикалық жүйелерді оңтайландыру әдістері, энергия үнемдейтін технологиялар, инженерлік шешімдер мен материалдар, сондай-ақ сапа бағалау әдістері басты назарда болды. Сонымен қатар, өндірістік мамандармен кездесулер өтіп, ортақ ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастықтың бағыттары айқындалды.
Тәжірибе нәтижелері «Техникалық физика», «Жылуэнергетика», «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламаларын жетілдіруде қолданылады. Әсіресе 3–4 курс студенттері мен магистранттар үшін бұл тәжірибе – нақты өндірістік жағдайларды оқу үрдісіне енгізу, және қазіргі заманғы энергетика талаптарына сай құзыретті мамандар даярлау жолындағы маңызды қадам.
Басқа жаңалықтар

