Нүкіс университеттерінің оқытушылары Алматының көрікті жерлерімен таныстыFarabi University

Нүкіс университеттерінің оқытушылары Алматының көрікті жерлерімен танысты

23 маусым, 2025

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының бастамасымен 2025 жылғы шілде айында Нүкіс мемлекеттік техникалық университеті мен Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының қонақтарына арналған ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Алматы қаласының ең көрнекті демалыс аймақтары – Медеу мен Шымбұлаққа сапар жасалды.

Экскурсияға қос университеттен келген 30-ға жуық оқытушы мен қызметкерлер қатысты. Қонақтар Алматының табиғаты мен таулы аймағына тән сұлулығына куә болып, еліміздің мәдениеті мен туристік әлеуетімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Олар ерекше әсер алғандарын айтып, көргендерінен шабыт алғандарын жеткізді. Көптеген қатысушылар Алматының биік шыңдары мен таза ауасынан рухани серпіліс алғандарын атап өтті.

Курс тыңдаушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Қазақстан жайлы пікірлерінің бұрынғыдан да жақсара түскенін айтты. Бұл бейресми ортадағы таныстықтар мен пікір алмасу қатысушылардың өзара байланысын одан әрі нығайтты.

Бұл бастама шетелдік әріптестермен кәсіби байланыстарды нығайтып қана қоймай, оларды еліміздің тарихи, мәдени және табиғи ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған. Осындай бейресми әрі танымдық форматтағы шаралар екі ел арасындағы білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарады.