Ынтымақтастық – жаңа мүмкіндіктер бастауыFarabi University

Ынтымақтастық – жаңа мүмкіндіктер бастауы

24 маусым, 2025

2025 жылғы шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Өзбекстандағы Халықаралық инновациялық университет арасында өзара әріптестікке бағытталған келіссөздер өтті. Университеттің халықаралық қатынастар, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Сардор Нигматжонов Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтына арнайы келіп, екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Өз сөзінде ғылыми жұмыстар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сардор Нигматжонов Қашқадария облысының әкімшілік орталығы Қарши қаласында орналасқан Халықаралық инновациялық университетінің құрылымы, қызмет бағыттары және академиялық серіктестігі туралы кеңінен баяндады. Ол екіжақты әріптестікті дамытудың нақты бағыттарына тоқталып, Сондай-ақ ол екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында ҚазҰУ тарапынан Өзбекстанда өкілдік немесе оқу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігін қарастыру туралы ойын білдірді.

Кездесу барысында тараптар академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобалар, цифрлық білім беру технологияларын дамыту, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағыттары бойынша ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін қарастырды.

Бұл келіссөздер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы интеграцияны тереңдетуге, ортақ ғылыми кеңістік қалыптастыруға және халықаралық сападағы кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.