- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері Шанхайда өтетін инновациялар байқауының финалында өнер көрсетеді
ҚазҰУ студенттері Шанхайда өтетін инновациялар байқауының финалында өнер көрсетеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы Орталық Азия өңірінде 2025 жылғы Қытайдың халықаралық студенттік инновациялар байқауының финалына өтті.
Толағай Дүйсебаев басқарған KazSensorMaterials командасының құрамына ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері Ләззат Әбдіжалилова, Айдана Бақытжан және Аян Тілеу кірді. Олар «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алуда.
Студенттер инженерлік дайындықтың жоғары деңгейін, шешімдердің өзіндік ерекшелігін және топтық жұмысты көрсете отырып, барлық байқаудың кезеңдерін сенімді түрде еңсерді. Команданың жобасын сарапшылар жоғары бағалады және аймақтық деңгейдегі үздіктердің бірі ретінде танылды.
2025 жылдың күзінде KazSensorMaterials Шанхайда (Қытай) өтетін Гранд финалда ҚазҰУ мен Орталық Азияны таныстырады. Байқау финалында Орталық Азия мен Қытай елдерінің ең мықты студенттік командалары өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсетіп, жеңіске жету үшін бақ сынасады.
ҚазҰУ студенттік командасын құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар


