ҚазҰУ ғалымдары Esri User Conference 2025 конференциясына қатысудаFarabi University

ҚазҰУ ғалымдары Esri User Conference 2025 конференциясына қатысуда

16 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушылары АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен геоақпараттық жүйелер саласындағы ірі әрі беделді халықаралық Esri User Conference 2025 шарасына қатысты.

Аталмыш конференцияға 140-тан астам елден 20 мыңнан аса қатысушы жиналды. ҚазҰУ ғалымдары аталған ауқымды шарада геотехнология саласындағы соңғы әлемдік жетістіктермен танысып, тәжірибе жинақтады.

Esri User Conference алғаш рет 1981 жылы Esri компаниясының негізін қалаушы Джек Дэнджермондтың бастамасымен ұйымдастырылған. Бүгінде бұл конференция геоақпараттық саладағы үздік ойшылдар, зерттеушілер мен тәжірибешілер бас қосатын маңызды кәсіби платформаға айналған.

Биылғы конференцияның ұраны – «GIS – Integrating Everything, Everywhere», яғни «ГАЖ – барлығын бір жерде біріктіреді». Бұл геоақпараттық технологиялардың барлық салада қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі