ҚазҰУ ғалымдары 110 жаңа ғылыми жобаны ұтып алды
24 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының 110 ғылыми жобасы 2025-2027 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарында жеңіске жетті.
Қазақстан Республикасы ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімімен ҚазҰУ ғалымдарының келесі жобалары мақұлданып, қаржыландыруға ие болды:
- «Жас ғалым» постдокторанттарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы аясында жалпы сомасы 921 966 077,52 теңгені құрайтын 31 ғылыми жоба үздік деп танылды.
- 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсында жалпы сомасы 658 563 905,20 теңгені құрайтын 8 жоба озық шықты.
- Жалпы гранттық қаржыландыру конкурсы аясында 65 жоба жеңімпаз деп танылып, жалпы сомасы 7,15 млрд теңге бөлінді.
- Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 2,77 млрд теңге болатын 6 жоба мақұлданды.
Аталған жобалар отандық ғылымды дамытуда маңызы жоғары деп танылды.
Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елімізде жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар саны бойынша көш бастап тұр. 2025 жылы университетте жалпы құны 15,8 млрд теңге болатын 424 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жүргізілуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі