- Басты бет
- БАжҚБИ
- Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің тыңдаушылары оқу бағдарламасына қосылды
Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің тыңдаушылары оқу бағдарламасына қосылды
18 тамыз, 2025

«Білім керуені» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен мамандары біліктілікті арттыру курстарына қатысуда.
Бұл жолы бірнеше мамандық бойынша тыңдаушылар келді:
-
Ақпараттық жүйелер
-
Ағылшын тілі
-
Механика
-
Бағдарламалық инженерия
Олар тәжірибелік сабақтарға қатысып, жаңа білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Курстардың мақсаты – заманауи талаптарға сай мамандарды даярлау және халықаралық білім алмасуды дамыту.