Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің тыңдаушылары оқу бағдарламасына қосылдыFarabi University

Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің тыңдаушылары оқу бағдарламасына қосылды

18 тамыз 2025
Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің тыңдаушылары оқу бағдарламасына қосылды

«Білім керуені» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен мамандары біліктілікті арттыру курстарына қатысуда.

Бұл жолы бірнеше мамандық бойынша тыңдаушылар келді:

  • Ақпараттық жүйелер

  • Ағылшын тілі

  • Механика

  • Бағдарламалық инженерия

Олар тәжірибелік сабақтарға қатысып, жаңа білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Курстардың мақсаты – заманауи талаптарға сай мамандарды даярлау және халықаралық білім алмасуды дамыту.