Іле және Күнгей Алатауы беткейлері өзен алаптарындағы аса қауіпті мұздықтық-мореналық көлдерді аэровизуалды зерттеуFarabi University

Іле және Күнгей Алатауы беткейлері өзен алаптарындағы аса қауіпті мұздықтық-мореналық көлдерді аэровизуалды зерттеу

6 тамыз, 2025

Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Іле Алатауы жотасы аумағындағы, соның ішінде Талғар, Үлкен Алматы және Аксай өзендері алабындағы мореналық және мұздық көлдердің гидрологиялық жағдайын және олардың даму динамикасын аэровизуалды әдіспен бақылауға қатысуда. Зерттеулердің басты мақсаты — сел қаупі бар аймақтардағы мореналық және мұздық көлдерден туындайтын әлеуетті қауіптерді анықтау.

Аталған зерттеулер AP27511595 «Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі мореналық-мұздық көлдердің жарылу қаупін мониторингтеу және бағалау бойынша өңірлік геоақпараттық жүйені әзірлеу» және BR28713751 «Іле және Күнгей Алатауы беткейлері өзен алаптарындағы аса қауіпті мореналық көлдер қаупін басқарудың кешенді жүйесін әзірлеу» ғылыми жобалары аясында жүзеге асырылуда. Жобалар таулы өңірлерде пайда болатын қауіпті гидрологиялық құбылыстардың дамуына әсер ететін факторларды кешенді түрде зерттеуге бағытталған.