Farabi University
Референдум 15 марта

«Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді

15 қыркүйек-17 қыркүйек

15-17 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Конференция Біріккен ядролық зерттеулер институтының 70 жылдығына арналады. Конференцияны ұйымдастырушылар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Біріккен ядролық зерттеулер институты, Ядролық физика институты.

Конференция археология, тарих, антропология, өнер, сәулет және жаратылыстану ғылымдары салаларындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды біріктіреді. Шара аясында тарихи-мәдени мұраны зерттеуде пәнаралық тәсілдерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланады.

Конференция тақырыптары:

  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеуде жаратылыстану ғылымдары әдістерінің басым бағыттары
  • Жаңа әдістерді дамыту болашағы мен мүмкіндіктері
  • Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеуші топтардың интеграциясы

• Нейтрондық және рентгендік сәуле арқылы бейнелеу (имиджинг)
• Нейтрондық және рентгендік дифракция
• Нейтрондық-активациялық және рентгенфлуоресценттік талдау
• Радиометриялық мерзімдеу, палинологиялық және минералогиялық талдау, одонтология және т.б.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Фараби кітапханасы, 416-аудитория

Басталуы: сағат 09:00

Байланыс үшін: 8 707 148 1433 (Бақдәулет)

Басқа хабарландырулар

7 сәуір

ҚазҰУ сарапшылары GeoAI конференциясында озық шешімдерді таныстырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші мамандары 7 сәуір күні Астана қаласында өтетін Esri Central Asia GeoAI саммитіне қатысады.

10 наурыз

Академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды. Бұл мүмкіндік бакалавриат студенттеріне арналған.

 

23 қаңтар

Құрметті докторанттар!

Докторанттарға арналған бағдарлау апталығы өтеді.