- Басты бет
- Хабарландыру
- «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
«Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
15 қыркүйек-17 қыркүйек
15-17 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Конференция Біріккен ядролық зерттеулер институтының 70 жылдығына арналады. Конференцияны ұйымдастырушылар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Біріккен ядролық зерттеулер институты, Ядролық физика институты.
Конференция археология, тарих, антропология, өнер, сәулет және жаратылыстану ғылымдары салаларындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды біріктіреді. Шара аясында тарихи-мәдени мұраны зерттеуде пәнаралық тәсілдерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланады.
Конференция тақырыптары:
- Тарихи-мәдени мұраны зерттеуде жаратылыстану ғылымдары әдістерінің басым бағыттары
- Жаңа әдістерді дамыту болашағы мен мүмкіндіктері
- Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеуші топтардың интеграциясы
• Нейтрондық және рентгендік сәуле арқылы бейнелеу (имиджинг)
• Нейтрондық және рентгендік дифракция
• Нейтрондық-активациялық және рентгенфлуоресценттік талдау
• Радиометриялық мерзімдеу, палинологиялық және минералогиялық талдау, одонтология және т.б.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Фараби кітапханасы, 416-аудитория
Басталуы: сағат 09:00
Байланыс үшін: 8 707 148 1433 (Бақдәулет)
Басқа хабарландырулар
23 қаңтар
22 қаңтар
16 қаңтар
«Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасы ашылады
2026 жылдың 16 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасының салтанатты ашылуы өтеді.